$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Жұмысшы кадрларға ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үй қолжетімді болмақ

Редакция
08 қаңтар 2025 04:47 4605
Жұмысшы кадрларға ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үй қолжетімді болмақ Сурет авторы: depositphotos

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жұмысшы кадрларды әлеуметтік қолдау мақсатында ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды.

"Жұмысшы кадрларды әлеуметтік қолдаудың үздік корпоративтік тәжірибесін кеңінен таратып, жаңа ынталандыру шараларын енгізу керек. Өнеркәсіп, Энергетика, Көлік, Ауыл шаруашылығы және Су ресурстары министрліктеріне кәсіпорындармен, әкімдіктермен және Отбасы банкімен бірлесіп, жұмысшы кадрлар үшін жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларын іске қосу мәселесін пысықтауды тапсырамын", – деді Бектенов.

Ол Үкімет Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу мәселесін үнемі бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар