$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Жұмысқа заңсыз адам алғаны үшін 3 жылға сотталды

Редакция
22 қараша 2024, 01:32
Жұмысқа заңсыз адам алғаны үшін 3 жылға сотталды Сурет авторы: Ашық дереккөз

Мұғалжар аудандық соты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығына делдалдар арқылы жұмысқа адам алу үшін 1,5 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. 

Басшыға делдал болған азамат делдалдығы үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, пара берген адам мен оның көмекшісі 3 жыл жаза арқалады. 

Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар