$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Жұмыс тобы "ЛГБТ насихатына қарсы" петицияны ішінара қолдады

Редакция
01 тамыз 2024 08:48 3369
Жұмыс тобы "ЛГБТ насихатына қарсы" петицияны ішінара қолдады Сурет авторы: roskomsvoboda.org

Мәдениет министрлігі жанындағы жұмыс тобының шешімін Мәдениет министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров айтты.

Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрліктеріне «ЛГБТ қозғалысының» кәмелетке толмағандарға әлеуметтік, психологиялық, медициналық ықпалы бойынша халықаралық зерттеулердің нәтижелерін талдап, баяндама дайындау ұсынылды.

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі 2024-2025 жылдары Қазақстандағы ЛГБТ мәселесі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруы керек.

Осыдан кейін Мәдениет министрлігі «барлық мүдделі тараптардың ұстанымын ескере отырып, осы саланы реттеу үшін» қоғамдық талқылау ұйымдастыруы керек.

Соңғы жаңалықтар