$ 536.32 € 626.9 ₽ 6.6

Жұлдыз Сүлейменованың орнына Мәжіліске кім келгені белгілі болды

Абдрахманов Мағжан
15 қазан 2025 09:39 442
Жұлдыз Сүлейменованың орнына Мәжіліске кім келгені белгілі болды

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі Әбутәліп Мүтәлі Мәжіліс депутаты мандатын алды. Бұл туралы шешімді AMANAT партиясының Саяси кеңесі бюросы қабылдады.

Партияның хабарлауынша, тиісті шешім Орталық сайлау комиссиясына жолданды.

Әбутәліп Мүтәлі — цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласының маманы. 2022 жылы ол AMANAT партиясының атқарушы хатшысының кеңесшісі қызметін атқарған.

Депутат мандаты оған Мәжілістен кеткен Жұлдыз Сүлейменованың орнына берілді. Еске салайық, 29 қыркүйекте Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалған еді.

Соңғы жаңалықтар