$ 539.49 € 627.7 ₽ 6.75

Жүкті әйелді пышақтап өлтірген қаскөйге үкім шықты

Дулат Абдраманов
08 тамыз 2025 10:33 314
Жамбыл облысында жүкті әйелін өлтірген тұрғынға қатысты сот үкімі шықты.
Жүкті әйелді пышақтап өлтірген қаскөйге үкім шықты Сурет авторы: istockphoto.com

Қылмыс 2024 жылдың тамызында Қордай ауданының Масаншы ауылында болған.

Тергеу материалдарына сәйкес, ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал кезінде ер адам жұбайының жүктілігін біле тұра, мойнына өткір затпен соққы жасаған. Әйел оқиға орнында қаза тапқан.

Сотталушы өз кінәсін мойындамаған. Алайда оның қылмысқа қатысы барын куәгерлердің айғақтары, сараптама қорытындылары мен заттай дәлелдер растаған.

Прокуратура 18 жыл жаза тағайындауды сұраған. Сот үкімімен айыпталушы 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар