Астанада Есіл ауданы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Әли Әбетаев өз бастығын ұрғаны үшін сотталды. Бұл туралы сот кабинетінде жарияланған үкімде айтылды.
Іс материалдарына сәйкес, оқиға 2025 жылғы 4 шілдеде болған. Сол түні полиция қызметкерлері мейрамханаларды кальян шегу фактілері бойынша тексеріп жүрген. Рейд кезінде Абетаев бірнеше рет бастығына хабарласқанымен, оның телефоны істемей қалғандықтан жауап бере алмаған.
Кейін полицей бастығын әкімшілік хаттамаларды рәсімдеу үшін мейрамханаға шақырған. Кездесу кезінде олардың арасында жанжал туындап, Әбетаев бастығына қол көтерген. Артынша тағы бірнеше соққы жасап, екеуі көліктердің арасында құлап кеткен. Сол жерде полицей бастығын тұншықтырған.
Зардап шеккен полиция қызметкері ауруханаға жүгінген. Салдарынан зардап шеккен басшының мұрны сынып, маңдайы мен ерні жарақаттанған. Бұл жарақаттар жеңіл дене жарақаты ретінде бағаланған.
Сот Әбетаевті денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бабы бойынша кінәлі деп танып, 1 жылға бостандығын шектеу, сондай-ақ 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады. Сонымен қатар ол капитан шенінен айырылды.
Медиация тәртібімен Абетаев жәбірленушіге 3 млн теңге өтемақы төлеген.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.