$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Жоғарғы Сот: Мектепте орамал тағуға тыйымды ешкім жойған жоқ

Редакция
26 қыркүйек 2024 01:33 4537
Жоғарғы Сот: Мектепте орамал тағуға тыйымды ешкім жойған жоқ

Жоғарғы Сот желіде желдей есіп жүрген “мектептерде орамал тағуды заңды” деп танығаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

"Істі қарау шеңберінде Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға кіріскен жоқ. Кассациялық сот мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып саналады", — делінген хабарламада.

Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер министрлік құзырында қалады. Тиісті бұйрық заңсыз деп танылған жоқ және күші жойылған жоқ.

Бұл ретте мектеп формасына қойылатын талаптарды ата-аналар қатаң сақтауға міндетті.

Соңғы жаңалықтар