$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Жетісуда шенеунік мүгедектерден пара алды деген күдікке ілінді

Редакция
16 шілде 2024 03:22 2900
Жетісуда шенеунік мүгедектерден пара алды деген күдікке ілінді Сурет авторы: gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Жетісу облыстық департаментінің басшысына қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлады. 

Бұған дейін ведомство шенеунік екінші және үшінші топтағы мүгедектерден мүгедектікті ұзарту және тағайындау үшін пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. Ол делдалдар арқылы әрқайсысынан 20-50 мың теңгеден алған көрінеді.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Сонымен қатар биыл 11 шілдеде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты елордалық медициналық орталықтың дәрігері Мәкішевке қатысты үкім шығарды. Ол науқастан жоспарлы хирургиялық операция жасағаны үшін 500 мың теңге сомасында заңсыз материалдық сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Биыл әлеуметтік салада 95 жемқорлық қылмыс тіркеліп, 58 адам әшкереленді, 34 адам сотталды.

 

Соңғы жаңалықтар