Жетіскеннен емес: елімізде жұмыс істейтін зейнеткерлер көбейген
Соңғы екі жылда Қазақстанда жұмыс істейтін зейнеткерлердің саны 45,1%-ға өсті. 2024 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша, еңбек нарығында зейнеткерлік жастан асқан 298,5 мың қазақстандық жұмыс істеп жүр. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 92,7 мың адамға көп. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметтері көрсетеді, деп хабарлады ranking.kz.
Жұмыс істейтін зейнеткерлердің ең көп бөлігі, яғни 39,9%-ы (119 мың адам) ауыл шаруашылығында еңбек етеді. Одан кейінгі орында сауда саласы тұр, онда жұмыс істейтін зейнеткерлердің бестен бірі қызмет атқарады. Сонымен қатар білім беру және денсаулық сақтау салаларында жұмыс істейтін зейнеткерлердің үлесі 16,2%-ға жеткен.
Статистика көрсеткендей, соңғы екі жылда барлық экономикалық салада жұмыс істейтін егде жастағы қазақстандықтардың саны артқан. Атап айтқанда, құрылыс, мемлекеттік басқару және қаржы секторында жұмыс істейтін зейнеткерлердің саны үш есе өскен. Ал көлік және логистика, сауда және әлеуметтік салаларда бұл көрсеткіш екі есе артқан.
Жұмыс істейтін зейнеткерлердің жас ерекшеліктеріне келсек, ең көп бөлігін зейнетке жаңа шыққан, бірақ әлі 65 жасқа толмаған азаматтар құрайды. Ең аз санатқа 85 жастан асқан адамдар жатады. Айта кету керек, 2023 жылы 85 жастан асқан 700-ден астам қазақстандық жұмысын жалғастырған, ал үш жыл бұрын мұндай көрсеткіш тіркелмеген еді.
Жұмыс істейтін зейнеткерлердің қызмет түрлеріне назар аударсақ, 65 жастан асқан жұмысшылардың 59,1%-ы біліктілігі жоқ жұмысшылар екені анықталды, бұл шамамен 69,3 мың адам. Олардың басым бөлігі фермерлік шаруашылықтарда жұмыс істейді. Сонымен қатар 7,6 мың зейнеткер тазалаушы немесе қызмет көрсету саласында еңбек етеді, бұл көрсеткіш екі жылда 22 есе өскен. Сондай-ақ 65 жастан асқан көше саудагерлерінің саны 13 есе артып, 5,2 мың адамға жеткен. Қоқыс жинаумен айналысатын зейнеткерлердің саны 79,1%-ға өсіп, 3,7 мың адам болды.
Дегенмен соңғы екі жылда денсаулық сақтау және білім беру салаларында 65 жастан асқан мамандардың саны айтарлықтай азайған. Ал бизнес және әкімшілік басқару салаларында жұмыс істейтін егде жастағы мамандардың саны едәуір өскен, олардың саны 8 мыңнан асты. Сонымен қатар 2024 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша, жоғары лауазымды басшылар, заң шығарушылар және мемлекеттік қызметшілер арасында 65 жастан асқан 423 адам жұмысын жалғастырған, бұл екі жыл бұрынғы 58 адаммен салыстырғанда айтарлықтай көп.
Еске салайық, 2024 жылдың қараша айында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетке шығуды кейінге қалдыру туралы ұсыныс бар екенін мәлімдеген еді. Бұл бастамаға сәйкес, зейнет жасына жеткен, бірақ жұмысын жалғастырғысы келетін азаматтар зейнетақы төлемдерін жұмысын тоқтатқаннан кейін ғана ала бастайды. Бұл ұсыныс қоғамда қызу талқыланып, сарапшылардың сынына ұшыраған болатын.
Соңғы жаңалықтар
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
2 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
2 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
3 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
3 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
3 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
4 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
6 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын