$ 441.77 € 502.38 ₽ 5.23

Жер сілкінісінен кейін Алматыдағы өзендер мен сел қаупі бар аумақтар тексерілді

Абдрахманов Мағжан
28 қыркүйек 2026, 11:32
Жер сілкінісінен кейін Алматыдағы өзендер мен сел қаупі бар аумақтар тексерілді Сурет авторы: ашық дереккөзден

Алматыда болған жер сілкінісінен кейін Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мамандары қаладағы және маңындағы қауіпті учаскелер мен маңызды нысандарды тексерді. Мониторинг нәтижесінде зақым анықталған жоқ, деп хабарлады ТЖМ.

Мамандар өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар учаскелерді қарап шыққан. Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандары тексерілді.

ТЖМ мәліметінше, тексерілген нысандардың барлығы қалыпты жұмыс істеп тұр. Қираған нысандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген, жағдай тұрақты.

Бұған дейін 28 қыркүйек күні сағат 09:38-де Алматы маңында жер сілкінісі тіркелген еді. Жер сілкінісінің ошағы қаладан 8 шақырым жерде, оңтүстік-батыс бағытта орналасқан. Алматыда дүмпу 3–4 балға дейін сезілді.

Соңғы жаңалықтар