$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Жеңіс Қасымбек Астанадағы көлік кептелісін қалай шешетінін айтты

Редакция
22 желтоқсан 2025, 16:24
Жеңіс Қасымбек Астанадағы көлік кептелісін қалай шешетінін айтты Сурет авторы: depositphotos
Қаладағы кептеліспен күресу мақсатында екі деңгейлі жол жобасын әзірлеу жақын арада басталады, ал құрылыс 2027 жылы қолға алынатын болады, деп хабарлады қаланың әкімі Жеңіс Қасымбек.
 
Ұзындығы 12,4 км болатын екі деңгейлі магистраль Қабанбай батыр даңғылы бойымен, әрі қарай Республика даңғылы арқылы Бөгенбай батырға дейін жалғасады. Үкіметтің бағалауынша, жоба кептелісті 30–40%-ға төмендетіп, оң жағалаудың тарихи көрінісін сақтауға мүмкіндік береді.
 
Әкім атап өткендей, мұндай жылдам жол коридорлары Бангкок, Сеул, Токио, Пекин, Мәскеу және Париж қалаларында сәтті жұмыс істеп келеді.

Соңғы жаңалықтар