$ 464.86 € 544.03 ₽ 6.14

Желтоқсан қатысушыларын балағаттаған әйелге қатысты іс қозғалды

Абдрахманов Мағжан
27 сәуір 2026, 12:07
Желтоқсан қатысушыларын балағаттаған әйелге қатысты іс қозғалды Сурет авторы: Алматыдағы орталық мемлекеттік архив

Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазТАГ сауалына берген жауапта хабарлады. Күдікті азаматша анықталып, полицияға жеткізілген.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта оның әрекеттеріне Қазақстан заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріліп жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін Threads әлеуметтік желісінде қолданушы Виолетта Паршина 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар туралы қорлайтын пікір қалдырған. Бұл жазба қоғамда кеңінен талқыланып, наразылық тудырған.

Айта кетейік, Желтоқсан оқиғасы Қазақстан тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады. Осы оқиғаларға байланысты 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні ретінде атап өтіледі.

Соңғы жаңалықтар