“Жеке өзім қадағалаймын”: Тоқаев әскердегі әлімжеттікке қатысты мәлімдеме жасады
Сурет авторы: Ақорд
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев армиядағы сарбаздардың қаза табуына қатысты оқиғаларды «өркениетті елге жат, теріс үрдіс» деп атап, Қарулы Күштердегі тәртіп пен тәрбие мәселесін жеке бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтты.
Президенттің сөзінше, бейбіт заманда әскери борышын өтеп жүрген сарбаздардың жарақат алуы немесе қаза табуы мүлде болмауға тиіс.
«Мен әскери борышын өтеуге шақырылған сарбаздардың жарақат алуы мен қаза болуына қатысты оқиғаларды өркениетті елге жат, теріс үрдіс деп санаймын. Бейбіт заманда мұндай жайттар болмауға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұл мәселені барлық күштік құрылым басшыларымен өткен кеңесте көтергенін айтып, қорғаныс саласына жауапты басшылықты тәрбие жұмысын жеткілікті деңгейде қадағаламағаны үшін сынға алғанын жеткізді.
«Армия жастарға қолдау көрсетіп, оларды еліміздің нағыз азаматы ретінде тәрбиелеп шығаруы керек. Командирлер әскери қызметшілерге үлгі-өнеге болуға тиіс. Әскерде әлімжеттікке, бұзақылыққа, рушылдыққа, жершілдікке орын жоқ, ондай жайттарға жол берілмейді. Мұның бәрін өзім жеке қадағалап отырамын», – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев ахуалды түзету үшін шұғыл шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар бергенін де атап өтті. Сонымен қатар қайғылы оқиғалар барлық әскери бөлімдерге тән емес екенін айтты.
Президент кейбір блогердің әскердегі жағдайды әдейі бұрмалап көрсетіп жүргеніне де тоқталды.
– «Танымалдыққа ұмтылған кейбір блогер әскердегі шынайы ахуалға мүлдем жанаспайтын сөз таратып жүр. Олар армияны сарбаздар күн сайын дерлік қылмыскерлердің құрбанына айналатын жер ретінде көрсеткісі келеді», – деді Мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, шын мәнінде әскери қызмет жастарға өзін дамытуға мүмкіндік береді. Әскери борышын өтеп келген азаматтар жоғары оқу орындары мен колледждерде тегін білім ала алады, ал әскерде жүргенде сұранысқа ие мамандықтарды меңгереді. Келісімшартпен қызмет ететін әскери қызметшілер мен офицерлер әлеуметтік тұрғыдан толық қорғалған.
Президент армияда қатаң тәртіп болуы тиіс екенін де атап өтті.
«Сарбаздар ант бергенде “Әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеремін” деп айтады. Бұл әскери өмірдің қатаңдығын айқын көрсетеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді технологиялық тұрғыдан жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын айтты. Былтыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен әскери шерудің жоғары деңгейде өткенін, онда Қазақстан армиясының заманауи қару-жарақпен, оның ішінде отандық өнімдермен жабдықталғаны көрінгенін атап өтті.
Президент жуырда Тараз қаласындағы мамандандырылған әскери мектепке барғанын да еске салды. Бұл оқу орнында әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан балалар білім алады.
«Мен осы мектепке аты аңызға айналған батырымыз Бауыржан Момышұлының есімін беру туралы шешім қабылдадым. Облыс орталықтарының бәрінде осындай мектептер ашуды тапсырдым», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы мұндай білім ордаларынан ел мақтан тұтатын сардарлар мен генералдар тәрбиеленіп шығатынына сенім білдірді.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын