$ 519.64 € 609.23 ₽ 6.62

Жеке куәлікті енді онлайн ауыстыруға болады

Абдрахманов Мағжан
24 маусым 2025 17:31 59
Жеке куәлікті енді онлайн ауыстыруға болады Сурет авторы: Ашық дереккөзден

Қазақстан азаматтары жеке куәлікті енді толықтай қашықтан жаңарта алады. eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында құжатты қашықтан қайта рәсімдеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды. Жаңашылдықты ҚР Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп жүзеге асырды.

🔹 Қызметті қалай алуға болады?
eGov.kz порталында немесе eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, биометриялық сәйкестендіру, деректерді толтыру, өтінімді растау және мемлекеттік бажды төлеу қажет.

🔹 Қандай жағдайда онлайн рәсімдеуге болады?
Жеке куәліктің мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн қалғанда немесе мерзімі өткеннен кейін 10 күн ішінде ғана онлайн ауыстыруға болады.

🔹 Қызметтің құны қандай?
Мемлекеттік баж – 0,2 АЕК (шамамен 778 теңге). Жедел рәсімдеу үшін 3 күнде – 1 771 тг, 1 күнде – 3 372 тг төленеді.

🔹 Қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?
Digital ID жүйесі арқылы бірнеше деңгейлі қорғаныс пен биометриялық сәйкестендіру қарастырылған. Барлық биометриялық деректер шифрланған түрде сақталады.

🔹 Сәйкестендіруден өте алмаған жағдайда не істеу керек?
Онлайн рәсімдеу мүмкін болмаса, жүйе автоматты түрде ХҚКО арқылы құжат алу нұсқасын ұсынады.

 
 
 

Соңғы жаңалықтар