«Жауапсыздық, салғырттық, көзбояушылық»: Тоқаев армиядағы жағдайды сынға алды
Сурет авторы: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштерді түбегейлі реформалауды тапсырды. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты мен Қорғаныс министрлігі он күн ішінде әскерді реформалаудың арнайы жоспарын әзірлеуге тиіс, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен өткізген кеңесте жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті таныстырды. Жиын Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшіні бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
Тоқаев Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатаң баға берді. Президенттің айтуынша, бейбіт күнде әскери қызметшілердің қаза табуына бірінші кезекте офицерлердің, оның ішінде генералдардың салғырттығы мен кәсіби біліксіздігі себеп болған. Ол оқу-жаттығуды кім әзірлеп, кім бекіткенін, Бас штабтың қандай рөл атқарғанын және неге Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы оқу-жаттығуда болмағанын анықтауды талап етті.
«Жауапсыздық, салғырттық, көзбояушылық белең алған. Жүйелі жұмыс жоқ. Дағдарыс жағдайындағы іс-қимыл жоспары сын көтермейді», – деді Президент.
Тоқаевтың сөзінше, оқу-жаттығуға қатысқан әскери қызметшілер тиісті жабдықпен, оның ішінде арнайы құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілмеген. Үкіметтік комиссия оқу-жаттығуды дайындау мен өткізуге, әскерді жабдықтауға және қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты барлық лауазымды тұлғаның әрекетіне баға беруге тиіс.
Бұған қоса Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеру басталды. Оның аясында әскери қызметті ұйымдастыру, әскерді жабдықтау, материалдық және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері зерделенеді. Комиссияны Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева басқарады.
Президент әскери қызметшілер лауазымы мен шеніне қарамастан жауапқа тартылатынын ескертті.
«Бұл оқиға армияда олқылықтар өте көп екенін және кәсібилік жетіспейтінін анық көрсетті. Әскерді түбегейлі реформалауды іске асыратын уақыт келді», – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы армияның қазіргі жағдайын да сынға алды.
«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған. Сонымен қатар қолбасшылық жүйесін халықаралық үздік тәжірибеге сай қайта құру керек. (...) Реформаның мақсаты – жаңа үлгідегі әскер жасақтау», – деді Президент.
Тоқаев армияда цифрлық өзгерістер жүргізіп, мүмкіндік болған жерде адам атқаратын жұмысты технологияға жүктеуді тапсырды.
Жаңа Қорғаныс министріне үш негізгі міндет қойылды. Біріншісі – бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету. Президент мақсатсыз шығын мен қаржыны талан-таражға салуға жол берілмейтінін айтты. Екіншісі – қазіргі қауіп-қатерлерді ескере отырып Қарулы Күштерді реформалау. Әскери қызметке маман іріктеу мен бағалаудың ашық талаптары енгізілуге тиіс.
Үшінші міндет – әскердегі тәрбие жұмысын күшейту. Президент әрбір әскери қызметшінің өмірі мен қауіпсіздығы бәрінен жоғары тұруға тиіс екенін атап өтті.
«Әскер – қорқыныш пен үрейге толы жер болмауы керек», – деді Тоқаев.
Әскерді реформалау жоспары қазан айының екінші жартысында өтетін Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қаралады. Президент құжаттың нақты әрі кезең-кезеңімен орындалатын жоспар болуын, оны көлемді тұжырымдамаға немесе жол картасына айналдырмауды тапсырды. Реформаны Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты үйлестіреді.
Соңғы жаңалықтар
-
МӘМС болмаса да: 2027 жылдан бастап қазақстандықтар қандай тексеруден тегін өте алады?
19 сағат бұрын
-
Қытай көлік экспортын қатаңдатады: бұл Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?
19 сағат бұрын
-
Сабақтан кейінгі жанжал мектеп оқушысының өлімімен аяқталды
20 сағат бұрын
-
«TikTok-менталитеттен» арылудың жолы: Тоқаев жастардың мінез-құлқын өзгертетін бастама ұсынды
21 сағат бұрын
-
Қазақстанның робототехника құрамасы FIRST Global Challenge 2026 халықаралық чемпионатында үздік төрттікке енді
22 сағат бұрын
-
Ерлан Қошанов: Мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты диалогтың жұмыс істейтін жүйесін құруға тиіспіз
22 сағат бұрын
-
Қазақстанда семіздікті кешенді емдеу мен алдын алудың жаңа бағдарламасы басталды
1 күн бұрын
-
Ресейдің сұрауымен Астанада ұсталған Украина азаматы босатылды
1 күн бұрын
-
Астанада әскери ұшақтар ұшып, жол қозғалысы шектеледі: себебі неде?
1 күн бұрын
-
Үндістанда танкерде бірнеше ай қалған қазақстандық елге қайтарылады
1 күн бұрын
-
Непалдағы апат: жоғалды деп есептелген қазақстандық елде екені анықталды
1 күн бұрын
-
Доллар қайта қымбаттады: 9 қазандағы валюта бағамы
1 күн бұрын
-
Солтүстікте күн суытады, оңтүстікте +24 градус: 9 қазанға болжам
1 күн бұрын
-
Қазақстан Халық Кеңесі 2026–2027 жылдарға арналған жұмыс жоспарын талқылады
1 күн бұрын
-
Экологиялық мәдениет сенбілікпен шектелмейді: Өскеменде жастар «Таза Қазақстан» идеясы төңірегінде бірікті
1 күн бұрын
-
Құрылтай IT мамандарын жасанды интеллект бойынша ұсыныс беруге шақырды
1 күн бұрын
-
БАӘ министрі Астанадағы фестивальді жасанды интеллектің үздік үлгісі ретінде бағалады
1 күн бұрын
-
АҚШ-та қалғысы келетін шетелдік студенттерге талап күшейтілуі мүмкін
1 күн бұрын
-
«Жапонияда 11 мың, Қазақстанда 463 мың теңге»: Аймағамбетов дәрі мәселесін көтерді
1 күн бұрын
-
Қазақстанда кімге мемлекеттен жәрдемақы берілмейді? Отбасыңыздың әл-ауқаты баллмен есептеледі
1 күн бұрын
-
14 қазақстандық соғыс аймағынан қайтарыла ма? СІМ жауап берді
1 күн бұрын
-
Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесмен анықталды: Forbes жаңа рейтинг жариялады
2 күн бұрын
-
Астанада гардеробта балалар қысылып қалған видеодан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды
2 күн бұрын
-
Алматы облысында тротуардағы балаларды қағып кеткен жүргізуші ұсталды
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап ауқатты қазақстандықтарға бірқатар жәрдемақы төленбейді: Үкімет тізімді бекітті
2 күн бұрын
-
ДДСҰ артық салмағы бар балаларды операция мен дәрі-дәрмексіз емдеудің жолын айтты
2 күн бұрын
-
Жаңбыр, сулы қар және көктайғақ: 8 қазанда күн райы қандай болады
2 күн бұрын
-
Тоқаев Путинге телефон соғып, туған күнімен құттықтады
2 күн бұрын
-
ЖСН-ді өзгертуге бола ма: ІІМ жауап берді
2 күн бұрын
-
Астанада діндердің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі рөлі туралы құжат қабылданды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда әскери қылмыстардан зардап шеккендер саны рекордтық деңгейге жетті
2 күн бұрын
-
Құрылтай 6 жоғары сот өкілдерін лауазымдарынан босатты
2 күн бұрын
-
Қазақстан неге дәл Сербиямен әскери ынтымақтастықты күшейтіп жатыр?
2 күн бұрын
-
Тоқаев FIDE басшысы болған Тимур Турловқа бірқатар міндет қойды
2 күн бұрын
-
Университет курстарын ЖИ әзірлейді: SDU студенттері отандық AI-платформа ойлап тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстаннан Нью-Йоркке тікелей рейс ашу тағы кейінге қалды
2 күн бұрын
-
Астанада 15 ЖОО студенттері бағын сынаған театрландырылған байқау өтті
2 күн бұрын
-
Ресей әскерінен қашып, Қазақстанға кірген азамат елден шығарылмақ
2 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өндіре тұра, неге Ресейден бензин мен дизель сатып алады?
2 күн бұрын
-
Қазақстан мен Сербия бір-біріне қару-жарақ пен әскери техника жеткізе алады
3 күн бұрын
-
Шоты бұғатталған қазақстандықтардың негізгі қажеттіліктеріне ақша қалдыру ұсынылды
3 күн бұрын
-
Құрылтайдағы мандатын тапсырған Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болды
3 күн бұрын
-
Студенттердің банк карталары бақыланады: Парламентте маңызды бастама көтерілді
3 күн бұрын
-
30 млрд теңге үнемделеді: Қазақстан Ресейден мұнай өнімдерін импорттауды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Адам миын жарықпен басқару: Медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
3 күн бұрын
-
«140 мың теңге айлық»: Қазақстандық дәрігерлер жалақыны өсіруді талап етіп жатыр
3 күн бұрын
-
Құрылтай депутаты Татьяна Савельева өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатты
3 күн бұрын
-
Ресейдегі зертханашының қазасы: ДДСҰ оба тарау қаупін бағалады
3 күн бұрын
-
«Сенесіз бе, сенбейсіз бе...»: Трамп Украинадағы соғысты тоқтатудың соңғы кезеңіне келгенін мәлімдеді
3 күн бұрын
-
Ресейдегі соғыс аймағына тап болған қазақстандықтар елге қалай қайтарылады?
3 күн бұрын