$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі тағайындалды

Абдрахманов Мағжан
29 қыркүйек 2025 10:22 331
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қызметіне тағайындалды.

Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматыда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін және Массачусетс технологиялық институтын бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банкінде» бастаған. Әр жылдары «Самұрық-Қазына» қоры, Қазақстан даму банкі, Ұлттық банк, «Қазақстан темір жолы» компаниясында қызмет атқарды.

2022 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары болды. Кейін Binance Kazakhstan компаниясының бас менеджері қызметін атқарды. 2024 жылдың мамырынан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болды.

Биыл 8 қыркүйекте Президент Қазақстан халқына Жолдауында Жасанды интеллект министрлігін құру туралы жариялады. 10 күннен кейін жаңа министрлікті құру туралы Жарлыққа қол қойылды. Осы уақыттан бері Мәдиев жаңа ведомствоның міндетін атқарушысы болған еді.

Енді ол ресми түрде вице-премьер – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар