$ 465.08 € 536.52 ₽ 5.56

Жасанды интеллект қазақстандықтарға баспанаға ақша жинауды үйретеді

Редакция
13 тамыз 2026, 12:51
Жасанды интеллект қазақстандықтарға баспанаға ақша жинауды үйретеді Сурет авторы: yandex.kz

«Отбасы банк» жасанды интеллекттің көмегімен азаматтарға ипотекаға алғашқы жарна жинауды тездетіп, қарыз алушылардың әлеуетін дәлірек бағалауды жоспарлап отыр. Бұл туралы банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова «Taldau Talks» подкастында мәлімдеді.

Банк басшысы қаржы институтында жасанды интеллектті енгізу әлеуеті өте жоғары екенін атап өтті. Қазірдің өзінде мұнда түрлі базалық сервистер, соның ішінде заңгерлік бағыттағы ЖИ-агент сәтті жұмыс істеп тұр.

«Мінез-құлық қаржысы тұрғысынан үлкен мүмкіндіктер бар. Яғни, адамның қалай тезірек жинақ жасауын қадағалау маңызды. Өйткені азамат қаншалықты көп әрі ұзақ жинақтаса, кейінгі несие ставкасы соғұрлым арзан болады. Сондай-ақ ЖИ көмегімен клиенттің перспективасын тиімдірек бағалауға болады. Қазір адами факторды болдырмау үшін тұрғын үйді бөлу процесіне де ЖИ элементтерін енгізіп жатырмыз», – деді Л. Ибрагимова.

Оның айтуынша, банктегі скоринг моделіне де қазірдің өзінде жасанды интеллект компоненттері толықтай қосылған. Еске сала кетейік, бұған дейін Л. Ибрагимова 2027 жылды Қазақстанның ипотека нарығы үшін үлкен бетбұрыс кезеңі болатынын атап өткен еді.

Соңғы жаңалықтар