$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Жаркентте баласын батареяға байлап ұрған әйел қамауға алынды

Абдрахманов Мағжан
19 қаңтар 2026, 09:38
Жаркентте баласын батареяға байлап ұрған әйел қамауға алынды Сурет авторы: видеодан кадр

Жаркент қаласында полиция әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін 28 жастағы әйелді ұстады. Видеода оның кәмелетке толмаған ұлын жылу батареясына байлап, ұрып-соққаны көрінеді. Оқиға кезінде бөлмеде басқа балалардың да болғаны анықталған.

Жетісу облысының полиция департаменті мәліметінше, әйелдің жеке басы анықталып, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жәбірленуші бала полицияға жеткізіліп, мән-жайы анықталып жатыр. Ал анасы уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Сонымен қатар үйде болған екі өзге кәмелетке толмаған бала уақытша Отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары әйелді ата-ана құқығынан айыру мәселесі бойынша тиісті өтініш жолдамақ. Бұл сұрақ бөлек тәртіппен қаралады.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары балалардың қауіпсіздігі басты назарда екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар