$ 539.49 € 627.7 ₽ 6.75

Жаңқош Тұраровтың зорлады деп айып таққан арумен таныс екені расталды

Редакция
26 тамыз 2024 08:05 3668
Жаңқош Тұраровтың зорлады деп айып таққан арумен таныс екені расталды Сурет авторы: Караван

Жанқош Тұраровтың ресми өкілдері баспасөз мәслихатын өткізді. 
 
Әнару Құрманәлі боксшы Жаңқош Тұраровтың үстінен зорлады деп айып тағып, арыз жазған болатын. Қыз спортшымен 6 жылдан бері таныс екенін айтты. Оның айтуынша, Тұраров осы уақыт ішінде оны мәжбүрлеп, бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылық жасаған. 
 
Тұраровтың адвокаты Самат Мамутовтың айтуынша, спортшы мен қыз шынымен таныс. Бірақ ол барлық айыптауды жоққа шығарды. 
 
"Әнару Құрманәлінің уәждері бізге түсініксіз. Қорғаныс жағы үш нұсқаны қарастырады. Мүмкін, қыз психикалық ауруға шалдыққан шығар, не хайп үшін жасады, не бұл біреудің тапсырысы", - деді адвокат. 
 
Брифингте Жанқош Тұраровтың өзі болған жоқ. Оның жоқтығын жаттығулардың тығыз кестесімен түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар