$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

Жаңаөзенде ауруханада дәрігерді пышақтап өлтірді

Абдрахманов Мағжан
29 қаңтар 2026, 10:57
Жаңаөзенде ауруханада дәрігерді пышақтап өлтірді Сурет авторы: shutterstock

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қалалық ауруханасында ер адам дәрігер-терапевтке пышақпен шабуыл жасап, медицина қызметкері алған жарақаттарынан көз жұмды. Оқиғадан кейін күдікті өз еркімен полицияға берілген. Қайғылы жағдай 28 қаңтар күні шамамен сағат 14:00-де болғаны хабарланды.

Журналист әрі қоғам белсендісі Айсұлу Дүтбаева таратқан мәліметке сәйкес, әріптестері дәрігердің өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, аман алып қалу мүмкін болмаған. Ал Маңғыстау облыстық полиция департаменті қаза тапқан адамның 29 жаста екенін растады. Алдын ала дерек бойынша, қақтығыс отбасылық-тұрмыстық сипаттағы жанжалдан туындаған.

Полицияның хабарлауынша, күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өзі келіп, жасаған әрекетін мойындаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар