$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Жаңа жылдық дастарханға арзан ет қайда сатылады?

Редакция
24 желтоқсан 2025, 12:15
Жаңа жылдық дастарханға арзан ет қайда сатылады? Сурет авторы: Informburo

26-31 желтоқсан аралығында Астанада «Соғым-FEST» жаңа жылдық жәрмеңкесі өтеді. Оған Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының фермерлері қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 Іс-шара «Keryen Joly» cауда үйі тұрағында өтеді (Алаш тас жолы, 35Б).

Осы күндері сауда орталығында еліміздің түкпір-түкпірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де ашылады. Онда көкөністер мен жемістер, ет, сүт және ұн өнімдері, тәтті нандар, шырындар, тосаптар мен басқа да азық-түлік өнімдерін тиімді бағамен сатып алуға болады.

 Жәрмеңке күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Жәрмеңкеге № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобус маршруттарымен баруға ыңғайлы.

Соңғы жаңалықтар