$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Жаңа жыл түнінде Қазақстанда 181 сәби дүниеге келді

Редакция
01 қаңтар 2025 03:18 2143
Жаңа жыл түнінде Қазақстанда 181 сәби дүниеге келді Сурет авторы: МойГород

Жаңа жыл түні Қазақстанда 181 сәби дүниеге келді: 105 ұл және 76 қыз бала, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. Маңғыстау облысында бір егіз дүниеге келді.

Ең көп нәресте Түркістан облысында туған. Мұнда 34 сәби дүниеге келді. Алматы және Алматы облысында 17 нәрестеден дүниеге келсе, Шымкентте 16 отбасы жаңа мүшемен толықты.

Ал Астанада Жаңа жыл түні 10 сәби дүниеге келді. Бұл дәл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен тең.

Соңғы жаңалықтар