$ 486.2 € 557.82 ₽ 6

Жаңа Парламент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

Абдрахманов Мағжан
16 наурыз 2026, 11:57
Жаңа Парламент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды Сурет авторы: Ақорда

Қазақстанда жаңа Парламент сайлауы осы жылдың жаз мезгілінде өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмедиа» орталығында республикалық референдумның үгіт-насихат науқанына қатысқан жастармен кездесуінде хабарлады.

Президент алдағы саяси науқанды ел болып жұмыла өткізудің маңыздылығын атап өтіп, жаңадан құрылатын палата «жастардың парламенті» болуы тиіс екеніне назар аударды.

– Ауқымды үгіт-насихат науқаны жүргізілді. Алдымызда жұмыс көп. Енді жазда Парламент сайлауы өтеді. Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңа Конституцияға сәйкес, қазіргі парламенттің өкілеттігі 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап тоқтатылады. Сайлау мерзімі Ата заң күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде өткізілуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар