$ 458.48 € 534.68 ₽ 5.43

Жаңа Құрылтай қашан жұмысын бастайды? Тоқаев жарлыққа қол қойды

Абдрахманов Мағжан
26 тамыз 2026, 10:13
Жаңа Құрылтай қашан жұмысын бастайды? Тоқаев жарлыққа қол қойды Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған бір палаталы Құрылтайдың бірінші сессиясын 28 тамыз күні сағат 11:00-де Астанада шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясы жариялаған қорытынды бойынша, 145 мандат бес саяси партия арасында бөлінді.

«Әділет» партиясы 110, «Ауыл» партиясы 10, Respublica 9, «Ақ жол» демократиялық партиясы 8, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 8 мандат алды.

Осылайша, бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың жұмысы 28 тамызда басталады.

Соңғы жаңалықтар