$ 494.28 € 587.06 ₽ 6.4

Жаңа Конституция қабылданса, 1 шілдеден бастап Парламент таратылып, Үкімет өкілеттігі тоқтайды

Абдрахманов Мағжан
12 ақпан 2026, 10:41
Жаңа Конституция қабылданса, 1 шілдеден бастап Парламент таратылып, Үкімет өкілеттігі тоқтайды Сурет авторы: gov.kz

Егер бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция жобасы қолдау тапса, құжат ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Бұл туралы мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жаңартылған жобада айтылған.

Парламент таратылып, Құрылтай сайланады

Жобаның 95-бабына сәйкес, 1995 жылғы Конституция негізінде құрылған қазіргі Парламенттің өкілеттігі 2026 жылғы 1 шілдеде тоқтатылады. Оның орнына жаңа өкілді орган – Құрылтай келеді.

  • Президент Құрылтай сайлауын Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде жариялауға міндетті.

  • Сайлау екі ай ішінде өткізілуі тиіс.

Вице-Президент лауазымы енгізіледі

Жаңа саяси модельдің тағы бір маңызды жаңалығы – Вице-Президент лауазымының пайда болуы. Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде Мемлекет басшысы Құрылтайдың келісімімен Вице-Президентті тағайындауы керек.

Үкіметтің тағдыры

Жобаның 69-бабына сәйкес, қазіргі Үкімет өз өкілеттігін жаңадан сайланған Құрылтай алдында тоқтатады. Осылайша, атқарушы билік жаңа заң шығарушы органның алдында қайта жасақталады.

Соңғы жаңалықтар