Жаңа Конституция бойынша референдумға қатысуға қазақстандықтардың 70%-дан астамы дайын
2026 жылғы 16 ақпан мен 4 наурыз аралығында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелері қазақстандықтардың конституциялық реформалар жөнінде жоғары деңгейде хабардар екенін көрсетті. Зерттеу барысында елдің 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаласында тұратын 18 жастан асқан 8 мың респондент қамтылды.
Сауалнама нәтижесіне сәйкес, қатысушылардың 67,1%-ы жаңа Конституция жобасының мазмұнымен толық немесе ішінара таныс екенін айтқан. Ал 27,3%-ы Конституцияның жаңа жобасы талқыланып жатқанын естігенін жеткізген.
Зерттеу барысында респонденттердің басым бөлігі – 90,9%-ы жаңа Конституцияны қабылдауды қолдайтынын білдірді. Оның ішінде 67,1%-ы реформаны толық қолдайтынын айтса, 23,8%-ы көбіне қолдайтынын мәлімдеген.
Жаңа Конституция жобасындағы қоғамның негізгі құндылықтарын нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған нормалар ерекше қолдауға ие болды. Атап айтқанда, табиғатты қорғау қағидатын Конституцияда бекітуді респонденттердің 95%-ы қолдаса, мәдениет, білім, ғылым және инновация құндылықтарын айқындауды 91,6%-ы құптаған. Сонымен қатар азаматтардың цифрлық ортадағы дербес деректерін қорғауды 89,9% қолдады. Ал некені ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде белгілеуді 86,7% респондент мақұлдаған.
Сауалнама деректері конституциялық реформаның қоғамда кеңінен талқыланып жатқанын көрсетті. Көбіне бұл мәселе отбасы мүшелері арасында (40,1%), достар мен таныстар арасында (29,9%), сондай-ақ әріптестер арасында (24,2%) сөз болады.
Жаңа Конституция жөнінде пікір қалыптастыру барысында азаматтар негізінен заңгерлерге, сарапшылар қауымдастығына, саясаттанушылар мен әлеуметтанушыларға, журналистерге, азаматтық қоғам өкілдеріне, депутаттар мен мемлекеттік қайраткерлерге сенім артады.
2026 жылғы 15 наурызға жоспарланған республикалық референдум қарсаңында халықтың электоралдық белсенділігі жоғары екені байқалады. «Сіз референдумға барып, дауыс бересіз бе?» деген сұраққа респонденттердің 74,8%-ы қатысуға ниетті екенін білдірген.
Дауыс беруге қатысуды жоспарлап отырғандардың ішінде 90,9%-ы жаңа Конституцияны қабылдауды қолдайтынын айтқан. Ал 4,6%-ы қарсы екенін білдірсе, 4,5%-ы әлі нақты шешім қабылдамаған.
Сауалнамаға қатысушылардың айтуынша, референдум туралы негізгі ақпарат көздері – әлеуметтік желілер, интернет-басылымдар және теледидар жаңалықтары. Респонденттердің 34,8%-ы ақпаратты әлеуметтік желілердегі жазбалардан алса, 32,1%-ы интернет-БАҚ жаңалықтарын, 30,6%-ы теледидар жаңалықтарын атайды. Сонымен қатар әр бесінші қатысушы әлеуметтік желілердегі қысқа видеоларды негізгі ақпарат көзі ретінде көрсеткен.
Зерттеу қорытындылары азаматтардың елдегі маңызды мемлекеттік үдерістерге белсенді қызығушылық танытып отырғанын көрсетеді. Респонденттердің басым бөлігі жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысында қарапайым азаматтардың пікірлері ескерілген деп санайды.
Аталған әлеуметтік сауалнама 2026 жылғы 16 ақпан мен 4 наурыз аралығында Демократия институтының жеке қаражаты есебінен жүргізілді. Іріктеме репрезентативті сипатқа ие. Зерттеуге 17 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаланың – Астана, Алматы және Шымкенттің 18 жастан асқан тұрғындары қатысты. Жалпы іріктелген жиынтық көлемі 8 мың респондентті құрады. Статистикалық қателік мөлшері ±3,02%. Сауалнама Орталық сайлау комиссиясының жазбаша хабарламасы негізінде жүргізілген.
Соңғы жаңалықтар
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
12 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
15 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
16 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
16 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
17 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
17 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
17 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
18 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
18 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
19 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
21 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
21 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
22 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
23 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
23 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
23 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын