$ 494.28 € 587.06 ₽ 6.4

Жаңа Конституция бойынша референдум бюджетке қаншаға түседі?

Абдрахманов Мағжан
12 ақпан 2026, 11:23
Жаңа Конституция бойынша референдум бюджетке қаншаға түседі? Сурет авторы: informburo.kz

Қазақстанда жоспарланған жаңа Конституция бойынша референдум өткізуге жұмсалатын қаржы көлемі алдыңғы дауыс берулерден асып түсуі ықтимал. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді. Kursiv.media соылай деп хабарлады.

Шығындар неге артады?

Министрліктің мәліметінше, бюджеттің өсуіне бірнеше фактор әсер етпек:

  • Халық санының өсуі: Сайлаушылар санының артуына байланысты көбірек дауыс беру учаскелері мен қызметкерлер қажет болуы мүмкін.

  • Инфляция: Тауарлар мен қызметтер құнының өсуі де жалпы шығындарға әсер етеді.

  • Еңбекақы: Референдум шығындарының 70–80%-ы комиссия мүшелерінің жалақысына жұмсалады.

Салыстырмалы деректер

Бұған дейінгі маңызды дауыс берулердің құнын мынадай болған:

  • АЭС бойынша референдум: 15,5 млрд теңге;

  • 2022 жылғы Конституциялық түзетулер: 16,4 млрд теңгеден астам.

Референдумды өткізуге қажетті қаражат Үкімет резервінен бөлінеді деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар