$ 464.86 € 544.03 ₽ 6.14

Жанабыловтарға сот үкімі шықты

Абдрахманов Мағжан
27 сәуір 2026, 16:47
Жанабыловтарға сот үкімі шықты Сурет авторы: видеодан кадр

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты үкім шығарды. Сот айыптау тарапы ұсынған жазамен келісті.

Сот шешімімен Ерболат Жанабылов кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бұл жаза шартты деп белгіленді. Ал Эльмира Төлегеноваға 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, оның орындалуы 2 жылға кейінге қалдырылды.

Бұған дейін прокурор бастапқыда ерлі-зайыптыларға 4 жылдан жаза сұраған. Кейін тараптар процессуалдық келісімге келіп, жаза мерзімін жеңілдету ұсынылған.

Сотта айыпталушылар 247,6 млн теңге көлеміндегі материалдық шығынды толық өтегені, кінәсін мойындап, өкінгені ескерілген. Осыған байланысты азаматтық талаптан бас тартылған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, блогерлер онлайн-курстар сату арқылы табыс тапқан. Сонымен қатар қатысушыларды тарту үшін автокөлік және басқа да сыйлықтар уәде етілген. Алайда жүлде қоры ұйымдастырушылардың жеке қаражатынан емес, қатысушылардың төлемінен қалыптасқаны айтылған.

Соңғы жаңалықтар