$ 509.94 € 593.88 ₽ 6.43

Жамбылда сарбаз өзіне өзі зақым келтіріп, саусақтарынан айырылып қала жаздады

Абдрахманов Мағжан
09 қаңтар 2026, 09:32
Жамбылда сарбаз өзіне өзі зақым келтіріп, саусақтарынан айырылып қала жаздады Сурет авторы: Rick Mave / www.globallookpress.com

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз қолына ауыр жарақат салған. Оқиға туралы ақпарат Telegram желісіндегі Kozachkov арнасында жарияланды.

Жекелеген дереккөздердің айтуынша, әскери қызметші тікелей басшысынан ескерту алғаннан кейін өзіне өзі зақым келтірген. Кей мәліметтерде оның саусақтарын балтамен шапқаны айтылса, басқа ақпарат көздері сарбаздың қолы терең кесілгенімен, саусақтары аман қалғанын хабарлады.

Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлері баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға таңғы тексеріс кезінде болған. Әскери қызметші металл затты пайдаланған. Зардап шеккен азамат дереу госпитальға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты, саусақтарын сақтап қалған.

Ведомствоның хабарлауынша, сарбаздың түсіндіруіне сәйкес, бұл әрекет жеке себептерге байланысты жасалған және әскери қызметті өтеу жағдайымен, сондай-ақ командирлердің немесе әскери бөлім лауазымды тұлғаларының іс-әрекетімен байланысты емес.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жұмысын бастап, оқиға орнына жіберілген.

Соңғы жаңалықтар