$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Жамбыл облысының әкімдігі тойға кететін шығындарды азайтуға ниетті

Редакция
05 желтоқсан 2024 07:37 4783
Жамбыл облысының әкімдігі тойға кететін шығындарды азайтуға ниетті Сурет авторы: aikyn.kz

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аймақтағы тұрғындардың тойға кететін шығындарын азайтуды көздеп отыр. ОКҚ-да өткен брифингте әкім апта сайын аймақтағы тойларға шамамен 25 мың адам қатысатынын айтты.

"Барлық асабаны жинап, оларға арнайы кодекс пен ереже әзірледік. Мақсат – той өткізу процесін реттеу, ысырапшылдыққа жол бермеу. Менің ойымша, ата-аналар ақшаны жастарға көмек ретінде жинап бергені дұрыс болар еді", – деді Қарашөкеев.

Әкімнің айтуынша, бұл мәселені ішкі саясатқа жауапты әкім орынбасары қадағалап отыр. 

Соңғы жаңалықтар