$ 455.4 € 526.99 ₽ 5.25

Жамбыл облысында жаңа туған сәби қоқыс жәшігінен табылды

Абдрахманов Мағжан
02 қыркүйек 2026, 17:39
Жамбыл облысында жаңа туған сәби қоқыс жәшігінен табылды Сурет авторы: shutterstock

Жамбыл облысының Қордай ауданында жаңа туған қыз бала қоқыс жәшігінен табылды. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

Құқық қорғау органдары баланы қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір сәбидің анасын анықтау және оқиғаның мән-жайын білу үшін жедел іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сәби сағат 10:00-де Қордай аудандық орталық ауруханасының босандыру бөліміне жеткізілген. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

«Болжамды жүктілік мерзімі – 36 апта, салмағы – 1778 грамм. Тыныс алуы өздігінен, қан айналым көрсеткіштері тұрақты», – делінген хабарламада.

Қазір нәрестеге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тиісті тексерулер жүргізіліп жатыр. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

Бұған ұқсас жағдай жуырда Ақтөбеде де болған. Ол жақта пакет ішінен жаңа туған сәби табылған еді.

Соңғы жаңалықтар