$ 542.29 € 629.54 ₽ 6.77

Жамбыл облысында тағы бір жасөспірім өзіне қол салды

Абдрахманов Мағжан
13 тамыз 2025 11:00 115
Жамбыл облысында тағы бір жасөспірім өзіне қол салды Сурет авторы: shutterstock

Жамбыл облысының Байзақ ауданында тағы бір жасөспірімнің өлімі тіркелді, деп хабарлады Kazinform.

Қайғылы оқиға Диқан ауылында болған. 16 жастағы баланың денесін сарайдан анасы тауып алған. Жақындарының айтуынша, оның бойынан бұған дейін алаңдатарлық мінез байқалмаған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімнің денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

«Байзақ ауданында кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылуына байланысты Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Бұл – соңғы күндері облыста тіркелген үшінші жасөспірім өлімі. 5 тамызда Тараз қаласында 15 жастағы жасөспірім, 7 тамызда Байзақ ауданының Түймекент ауылында 16 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған еді.

Соңғы жаңалықтар