$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Жамбыл облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсады

Редакция
13 ақпан 2025 02:19 3370
Жамбыл облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсады Сурет авторы: Orda

Жамбыл облысында жас полицей қызметтік постта өз-өзіне қол жұмсады. Оның денесі Жасөркен ауылындағы аудандық электр станциясының (ГРЭС) күзет бекетінен табылған.

Оқиға Тараз қаласынан 5 шақырым жерде орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2003 жылы туған, арнайы қызметті қамтамасыз ету басқармасының кіші сержанты қызметтік қаруын қолданып, өз-өзіне қол жұмсаған.

Қайғылы жағдай болған жерге Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығы, арнайы қызметті қамтамасыз ету басқармасының өкілдері және жедел-тергеу тобы барды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар