$ 491.97 € 583.77 ₽ 6.39

Жамбыл облысында әскери қызметкерге күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Абдрахманов Мағжан
16 ақпан 2026, 12:27
Жамбыл облысында әскери қызметкерге күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды Сурет авторы: pexels

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметкерге күш қолдану фактісі бойынша Гвардейск гарнизонының әскери полициясы қылмыстық іс қозғады.

Оқиға әскери бөлім аумағында болған. Жақ сүйегінен жарақат алған сарбаз Алматы қаласындағы әскери-клиникалық госпитальға жеткізіліп, ем қабылдап жатыр. Әскери полицияның мәліметінше, оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

– Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жан-жақты тексеріс жүргізілуде. Тергеу барысында барлық қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне, сондай-ақ бөлімде орын алған жарғыға сай емес қарым-қатынас туралы деректі жоғары тұрған қолбасшылыққа дер кезінде хабарламаған лауазымды адамдардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі, – делінген хабарламада.

Әскери полиция кінәлі тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Тергеу кезеңінде бірнеше лауазымды қызметкер қызметінен уақытша шеттетілген.

Соңғы жаңалықтар