$ 509.94 € 593.88 ₽ 6.43

Жамбыл облысында 11 жастағы қыз әжетхана шұңқырына құлап кетті

Абдрахманов Мағжан
05 қаңтар 2026, 14:20
Жамбыл облысында 11 жастағы қыз әжетхана шұңқырына құлап кетті Сурет авторы: ТЖМ

Жамбыл облысында 11 жастағы қыз бала даладағы әжетхана шұңқырына құлап кетті. Оқиға Байзақ ауданында болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен қауіпті жағдайға тап болған баланы шұңқырдан аман-есен шығарып алған.

Құтқару операциясынан кейін қыз бала медициналық тексеруден өткізу үшін дәрігерлерге тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар