Жалпыұлттық коалиция мүшелері Батыс Қазақстан машина жасау зауытының еңбек ұжымымен Жаңа Конституция жобасын талқылады
Батыс Қазақстан машина жасау зауытының цехында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің кездесуі өтті. Жиын жаңа Конституция жобасына және 15 наурызда өтетін республикалық референдумға арналды.
Еңбек ұжымымен кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Сергей Пономарев, Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы, Комиссия мүшесі Серік Ақылбай, механикалық сынақтар жөніндегі инженер Дарина Сейсенова және кәсіпорынның маркетинг бөлімінің басшысы Роман Ставкин қатысты.
Отырыс барысында жаңа Конституция жобасында бекітілетін еңбек адамының құқықтарын қорғау және әлеуметтік кепілдіктерді күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Аида Балаева еңбек адамы мемлекеттің басты құндылығы әрі елдің орнықты дамуының негізі екенін атап өтті.
« Еңбек адамы үшін Конституцияның мәні – абстрактілі ұғым емес, нақты әлеуметтік кепілдіктер жүйесі. Жаңа Ата Заң жобасында әрбір адамның еңбек ету құқығы, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайларына ие болу құқығы, сондай-ақ қандай да бір кемсітусіз еңбегі үшін лайықты ақы алу құқығы нақты бекітіліп отыр. Бұл өте маңызды кепілдіктер Конституция жобасының 27-бабының 2-тармағында нақты көрсетілген. Өйткені еңбек адамына деген құрмет ұран деңгейінде қалып қоймай, құқықтық қағидаттармен қамтамасыз етілген нақты нормаға айналуы тиіс.Бұл норма – өндіріс орындарында еңбек ететін азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін мемлекет деңгейінде қорғауға бағытталған маңызды құқықтық негіз. Сонымен қатар Жаңа Ата Заңда Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарының бірі ретінде еңбексүйгіштік ұғымының енгізілуі де айрықша мәнге ие. Бұл – адал еңбек қоғам дамуының басты қозғаушы күші ретінде танылатынын білдіреді. Яғни, мемлекет дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі – еңбек адамы, оның біліктілігі, кәсібилігі мен әлеуметтік қорғалуы», – деді Аида Балаева.
Жиында Сергей Пономарев құжатты әзірлеу жұмысы кезең-кезеңімен, ашық түрде және сарапшылық алқаның қатысуымен жүргізілгенін, талқылау барысында халықтан көптеген ұсыныстар түскенін айтты. Ол цифрлық ортадағы адам құқықтарын, дербес деректерді және хат алмасу қауіпсіздігін қорғауға, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін жауапкершілікті күшейтуге және ұзақмерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікке бағытталған құндылықтарды бекітуге қатысты жаңашылдықтарға тоқталды.
Кездесу барысында еңбек ұжымы өкілдері де өз пікірлерін білдіріп, Конституцияда азаматтар үшін нақты кепілдіктердің және еңбек адамына әділ көзқарастың маңызына тоқталды.
«Біз саясаткер де, заңгер де емеспіз. Бірақ біз – Қазақстан Республикасының азаматтарымыз. Біздің Ата заңымыздың қандай болатыны әрқайсымызға тікелей байланысты. Біз үшін адамның өзі, оның өмірі, құқықтары мен еңбегі қағаз жүзінде ғана емес, шынайы өмірде басты құндылық болғаны маңызды. Сондай-ақ егемендік пен елдіңаумақтық тұтастығы қол сұғуға болмайиын құндылықтар ретінде бекітілуі де маңызды: Елде тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенім болмаса, даму да, отбасының тыныштығы да болмайды. Жаңа Конституция қарапайым адамдар үшін шынайы кепілдікке айналса деймін: адал еңбек құрметтеліп, лайықты бағаланса, жұмысшы адамның құқығы қорғалса, заң баршаға бірдей болса. Біз машиналар жасаймыз. Ал Конституция – бүкіл елдің сызбасы секілді: егер ол дұрыс әрі түсінікті болса, онда ғимарат та берік болады», – деді Роман Ставкин.
Зауыт қызметкерлері атынан Дарина Сейсенова да сөз сөйледі. Ол еңбек ұжымы үшін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет қағидаттарының нақты өмірде – тұрақты жұмыспен қамтылу, еңбектің әділ бағалануы, қауіпсіз еңбек ортасы және болашаққа сенім арқылы көрініс табуы аса маңызды екенін айтты. Сондай-ақ ол бірлік пен ұлтаралық келісім туралы нормалардың құндылығын атап өтті. «Өндірісте түрлі ұлт өкілдері күн сайын иық тіресе еңбек етеді, дәл осы біріктіруші құндылықтар даму мен тұрақтылықтың негізін қалайды»,– деді ол.
Кездесу қорытындысы бойынша Жалпыұлттық коалиция өкілдері еңбек ұжымының сұрақтарына жауап берді. Жаңа Конституция жобасымен саналы түрде танысып, 15 наурыздағы референдумға қатысу – әлеуметтік кепілдікті нығайтуға, еңбек адамының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және елдегі құқықтық қағидаттарға деген сенімді арттыруға бағытталған шешуші қадам екені сөз болды.
Соңғы жаңалықтар
-
Жылуды қашан қосады: Қай өңірлерге ерте берілетіні белгілі болды
19 минут бұрын
-
Американың жетекші БАҚ өкілдері Дональд Трампты сотқа берді
36 минут бұрын
-
АҚШ Иранмен қақтығыс біткен соң Таяу Шығысты қалпына келтіруге 5 млрд доллар бөлуі мүмкін
42 минут бұрын
-
WBC чемпионы Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырып, бұрынғы допинг дауын есіне салды
53 минут бұрын
-
Зеленский Ресейдің энергетика нысандарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады
54 минут бұрын
-
АҚШ-тағы қымбатшылық Трамптың рейтингін рекордтық 32 пайызға түсірді
1 сағат бұрын
-
Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды
1 сағат бұрын
-
Жаңбыр, найзағай және +32 градус: 22 қыркүйекте күн райы қандай болады
1 сағат бұрын
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
14 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
17 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
17 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
18 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
18 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
19 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
19 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
19 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
20 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
21 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
22 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
22 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
1 күн бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
1 күн бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
1 күн бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
1 күн бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
4 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
4 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын