$ 463.91 € 544.63 ₽ 6.26

Жалақы өссе де, халықтың әл-ауқаты неге төмен

Редакция
13 мамыр 2026, 12:59
Жалақы өссе де, халықтың әл-ауқаты неге төмен Сурет авторы: forbes.kz

Қазақстандықтардың номиналды табысы артқанымен, нақты жалақы мөлшері өткен жылмен салыстырғанда төмендеп кеткені белгілі болды. Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың бірінші тоқсанына арналған ресми деректерді жариялады.

Ресми мәліметке сәйкес, биылғы жылдың алғашқы үш айында республика бойынша орташа айлық номиналды жалақы 461 486 теңгені құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1%-ға жоғары. Алайда, инфляция мен бағаның өсуін есепке алғандағы нақты жалақы көрсеткіші 2,3%-ға кеміп, 97,7%-ды құрады. Демек, халықтың қолына тиетін ақша көбейгенімен, оған сатып алатын тауар мен қызмет көлемі азайған.

Статистика мамандары жалақының медианалық мәнін де жария етті — ол 331 527 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш еліміздегі жұмыс істейтін азаматтардың нақты табыс деңгейін дәлірек көрсетеді.

Табысы ең көп өскендер қатарында ауыл, орман және балық шаруашылығы (20,3%), қаржы және сақтандыру саласы (18,1%) және коммуналдық қызмет көрсету секторы бар. Ал білім беру және денсаулық сақтау салаларында өсім айтарлықтай төмен — тиісінше 4,2% және 7%-ды құрады.

Жалақының өсу қарқыны бойынша Абай (14,2%), Павлодар (12,4%) және Жетісу (12,2%) облыстары алдыңғы қатардан көрінді. Алматы қаласында да жалақы деңгейі 10,7%-ға көтерілген.

Соңғы жаңалықтар