$ 467.58 € 543.66 ₽ 6.44

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алу қиындай түспек

Абдрахманов Мағжан
18 мамыр 2026, 15:18
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алу қиындай түспек Сурет авторы: gov.kz

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегі 80%-ға дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жаңа шектер жас ерекшелігіне қарай есептеледі. Атап айтқанда, 23–35 жас және 35–63 жас аралығындағы азаматтар үшін көрсеткіш әртүрлі болады. Жалпы өсім шамамен 79%-ға дейін жетеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен бірлесіп есептеулер жүргізіп жатыр. Жаңа шектер осы айдың соңына дейін жарияланады деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін министрлік жеткіліктілік шегін 20–35 жас аралығындағы азаматтар үшін шамамен 10%-ға арттыру жоспарланғанын хабарлаған.

Жеткіліктілік шегі – азаматтардың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалануы үшін шотта қалуы тиіс ең төменгі сома.

Соңғы жаңалықтар