$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Зейнетақы жинағын ипотеканы өтеуге пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін

Абдрахманов Мағжан
10 қараша 2025, 11:16
Зейнетақы жинағын ипотеканы өтеуге пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін Сурет авторы: Freepik

Индустрия және құрылыс министрлігі азаматтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану тәртібін жаңартуды көздейтін түзетулер жобасын дайындады.

Құжатқа сәйкес, енді қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарын ипотекалық несиені өтеу, яғни негізгі қарызды жабу, ай сайынғы төлем көлемін азайту немесе несие мерзімін қысқарту мақсатында пайдалана алуы мүмкін.

Министрлік мұндай өзгерістердің енгізілуін жаңа Салық кодексімен түсіндіреді. Кодексте көрсетілгендей, Қазақстан резиденттері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) алатын төлемдерден жеке табыс салығын төлеуден босатылады.

Аталған түзетулер жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 21 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар