$ 491.88 € 585.83 ₽ 6.36

Зейнет жасына жеткенде ойлау қабілетін жоғалтасыздар: Тоқаев шенеуніктерді кітап оқуға шақырды

Редакция
10 ақпан 2026, 12:09
Зейнет жасына жеткенде ойлау қабілетін жоғалтасыздар:  Тоқаев шенеуніктерді кітап оқуға шақырды Сурет авторы: kazpravda

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейі мен оқу мәдениетіне қатысты маңызды ескерту жасады. Мемлекет басшысы кейбір шенеуніктердің маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық сөйлеген сөздерін мұқият оқымайтынына қынжылыс білдірді.

Президенттің айтуынша, кейбір Үкімет мүшелері оның «Turkistan» газетіне берген сұхбатын және Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдағы баяндамасын толық зерттемеген.

«Кейбір Үкімет мүшелерімен сөйлесу барысында байқағаным – бәрі бірдей менің сұхбатымды мұқият оқып шықпаған. Бұл Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдағы сөзіме де қатысты», - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев қазіргі цифрлық заманда адамдардың ұзақ мәтіндерді оқудан қалып бара жатқанын атап өтті. Ақпаратты тек аудио нұсқада тыңдау немесе интернеттегі қысқа мәліметтермен шектелу мемлекеттік қызметші үшін лайықты емес екенін ескертті.

Соңғы жаңалықтар