$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Зеленский Трамптан Ақ үйдегі жанжал үшін кешірім сұрады

Редакция
11 наурыз 2025 01:33 3834
Зеленский Трамптан Ақ үйдегі жанжал үшін кешірім сұрады Сурет авторы: Saul Loeb/AFP/Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптан ақпанда Ақ үйде болған жанжал үшін ресми түрде кешірім сұрады. Бұл туралы АҚШ президентінің Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф мәлімдеді.

“Зеленский президентке хат жолдады. Ол Сопақ кабинетте болған оқиға үшін кешірім сұрады,” – деді Уиткофф Fox News арнасына берген сұхбатында.

Ол бұл қадамды “маңызды шешім” деп атап, бұл мәселе бойынша АҚШ, Украина және Еуропа елдерінің арасында белсенді талқылаулар болғанын айтты.

Ақ үйдегі жанжалдың мән-жайы

28 ақпанда АҚШ пен Украина украиналық пайдалы қазбаларға қол жеткізу туралы келісімге қол қоюы керек еді. Алайда протоколдық шара барысында Зеленский мен Трамп арасында сөзталас туындап, бұл жанжалға АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс те араласқан.

Салдарынан Зеленский кездесуден мерзімінен бұрын шығып кеткен, ал келісімге қол қою кейінге қалдырылды.

Жаңа келіссөздер өтеді

11 наурызда Сауд Арабиясында АҚШ пен Украина делегациялары арасында келіссөздер өтеді. Уиткоффтың айтуынша, Вашингтон бұл кездесуде “айтарлықтай прогреске” қол жеткізуді және пайдалы қазбалар жөніндегі келісімге қол қоюды күтеді.

Соңғы жаңалықтар