$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Зеленский: АҚШ пен Ресейдің Украина жайлы шешімін ешқашан қабылдамаймын

Редакция
25 сәуір 2025 14:50 3494
Украина президенті Владимир Зеленский НАТО-ның Мюнхен конференциясында сөйлеп, журналистерге берген сұхбатында АҚШ пен Ресей делегацияларының Сауд Арабиясында Украинаға қатысты қабылданатын шешімді мойындамайтынын кесіп айтты. Оның сөзінше, бұл келіссөздерге Украина тарапы шақырылмаған, ал Киевтің қатысуынсыз қабылданған кез келген шешім заңсыз.
Зеленский: АҚШ пен Ресейдің Украина жайлы шешімін ешқашан қабылдамаймын Сурет авторы: Unsplash

"АҚШ пен Ресейдің Украинаға қатысты шешімін ешқашан қабылдамаймын. Бұл – бізге қарсы соғыс және біздің адам шығынымыз", – деді Зеленский журналистермен кездесу барысында.

Украина басшысы егер Ресей дәл қазір тоқтапаса, бұл соғыстың басқа елдерге де таралу қаупі жоғары екенін ескертті. "Егер Ресейді тоқтатпасақ немесе АҚШ НАТО-дан шықса, ертең соғыс Еуропаның басқа елдерінде қайталануы мүмкін", – деді ол.

Зеленский Дональд Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен ықтимал келіссөздерінде әділ шешім қабылдайтынына үмітті екенін білдірді. "Мен Трамптың Украина жағында болғанын қалаймын. Ол әділ келіссөз жүргізеді деп сенемін", – деді Украина президенті.

Соңғы жаңалықтар