$ 539.49 € 627.7 ₽ 6.75

Заңсыз активтерден қайтарылған 525 млрд теңге қайда жұмсалады?

Редакция
08 қараша 2024 01:37 1162
Заңсыз активтерден қайтарылған 525 млрд теңге қайда жұмсалады? Сурет авторы: Кабмин

Премьер-министр Олжас Бектенов активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.
Комиссия "заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң субъектілерімен жалпы сомасы 525 млрд теңгеден астам ақшаны мемлекет пайдасына беру және әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы келісімдерді мақұлдады.

Комиссия заң субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалықта 120 орындық дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешенін, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығын және Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 400 орындық жаттығу орталығын салуға келісті.

"Президент атап өткендей, барлық қайтарылған қаражат қазақстандықтардың игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс. Осы жылдың басынан бастап комиссия жалпы сомасы 900 млрд теңгеден астам активтерді қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдады. Бұл ақшаға әлеуметтік инфрақұрылым нысандары салына бастады", - деп атап өтті Бектенов.

Соңғы жаңалықтар