$ 465.08 € 536.52 ₽ 5.56

Заңгер Мейірман Шекеевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Абдрахманов Мағжан
13 тамыз 2026, 17:36
Заңгер Мейірман Шекеевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды Сурет авторы: видеодан кадр

Заңгер Мейірман Шекеев өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады.

Шекеевтің сөзінше, қылмыстық іс Алматы қаласы прокуратурасы жүргізген сараптамадан кейін қозғалған.

«Алматы қаласының прокуратурасы сараптама жүргізіп, қылмыстық іс қозғалғаны анықталды», – деді ол.

Заңгер істің өзінің мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты қызметімен байланысты екенін меңзеді.

«Қазақ тіліне жанашырлығым өзіме таяқ болып тиіп отыр», – деді Шекеев.

Әзірге заңгерге Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша іс қозғалғаны белгісіз. Алматы қаласының прокуратурасы бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар