$ 478.77 € 548.62 ₽ 5.87

Заңгер Әділетхан Молдахан қамауға алынды

Абдрахманов Мағжан
31 наурыз 2026, 09:55
Заңгер Әділетхан Молдахан қамауға алынды Сурет авторы: instagram.com/adiletkhan

Алматыда заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алматы қалалық полиция департаменті оны көрінеу жалған ақпарат тарату күдігімен қамауға алғанын мәлімдеді.

Ведомствоның дерегінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта өзге мәлімет жария етілмейді.

Еске салайық, Әділетхан Молдахан бұған дейін Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты пікір білдіріп, оқиғаға полиция департаменті басшысының орынбасарының қатысы болуы мүмкін екенін айтқан.

 

Соңғы жаңалықтар