$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Зәкиева 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды

Редакция
02 желтоқсан 2024 02:38 4840
Зәкиева 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды Сурет авторы: CC0 / thedanw

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Ақмола облысында болған қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Ол жерде өрттен екі бала қаза тапқан еді. Уәкілдің мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда балалардың өліміне әкелген 15 өрт тіркелген. Көп жағдайда балалар үйде жалғыз болған.

«Осы оқиғаларды саралай келе, 12 жасқа дейінгі балаларды кәмелетке толған адамның қарауынсыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салуды қарастыру қажет деп есептеймін. Сонымен қатар қолдауға мұқтаж отбасыларға мемлекет тарапынан көмек көрсету бағдарламалары қамтамасыз етілуі тиіс», – деп атап өтті Динара Зәкиева.

Қараша айында да осындай қайғылы оқиға елордада тіркелген болатын. Өрттен екі жастан 13 жасқа дейінгі төрт бала қаза тапқан еді.

Соңғы жаңалықтар