$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

World Boxing Championships: Өзбекстан финалға Қазақстаннан бір боксшы артық шығарды

Дулат Абдраманов
11 қыркүйек 2025 16:47 890
Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне Қазақстан спортшыларынан көрі, Өзбекстан боксшылары көп шықты деген қауесет тарап жатыр. Бұл ақпарат қаншалықты рас?
World Boxing Championships: Өзбекстан финалға Қазақстаннан бір боксшы артық шығарды Сурет авторы: ҚБФ

Ливерпульде өтіп жатқан 2025 жылғы World Boxing Championships додасында Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасындағы бәсекеге қатысты түрлі әңгімелер тарауда. Әлеуметтік желіде «Қазақстан ойсырай жеңіліп, өзбек боксшылары түгелдей финалға шықты» деген ақпарат жүр.

Қазіргі таңда екі Қазақстаннан 8 боксшы финалға жолдама алған. Ал Өзбекстан құрамасының 9 спортшысы финалдық кезеңде жұдырықтасады. Жалпы есеп бойынша Қазақстан чемпионатқа 20 спортшы апарса, Өзбекстан да 20 боксшымен барған.

Осы уақытқа дейін:

  • Қазақстаннан 10 боксшы 1/16 және 1/4 финалда жеңіліп қалды;

  • Өзбекстаннан 8 боксшы жарысты ерте аяқтады.

Демек, Қазақстан құрамасы әлі 2 спортшысының жекпе-жегін күтсе, Өзбекстан құрамасы 3 боксшысының жартылай финалға жолдама алу мүмкіндігіне сеніп отыр.

Қорытындылай айтқанда, финалға шыққандар саны екі елде әзірге тең. Бірақ алдағы кезеңдерде көрсеткіш өзгеруі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар