$ 458.87 € 535.09 ₽ 5.42

Wildberries қоймаларына жасалған шабуылдардан Ресейдің ең бай әйелі $3,1 млрд жоғалтты

Абдрахманов Мағжан
27 тамыз 2026, 15:04
Wildberries қоймаларына жасалған шабуылдардан Ресейдің ең бай әйелі $3,1 млрд жоғалтты Сурет авторы: Евгений Разумный / Коммерсантъ

Wildberries иесі Татьяна Кимнің дәулеті $5 млрд-қа дейін азайды. Ақпанда оның байлығы $8,1 млрд деп бағаланған. Осылайша, бірнеше айдың ішінде кәсіпкердің дәулеті $3,1 млрд-қа кеміген, деп жазады Forbes.

Басылым Ресейдегі ең бай 20 әйелдің жаңартылған тізімін жариялады. Татьяна Ким байлығы айтарлықтай азайғанына қарамастан, рейтингтегі бірінші орнын сақтап қалды.

Forbes Ким дәулетінің азаюын қор нарығындағы құлдыраумен және Wildberries қоймаларына ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған шабуылдармен байланыстырады.

Рейтингте екінші орында Inteco Management президенті Елена Батурина тұр. Оның дәулеті $1,3 млрд-қа бағаланған. Үшінші орындағы «БФА-Девелопмент» бас директоры Людмила Коганның байлығы – $1,25 млрд.

Жалпы Ресейдегі ең бай 20 әйелдің жиынтық дәулеті бір жылда $6,8 млрд-қа азайған. Былтыр олардың жалпы байлығы $25,75 млрд болса, қазір $18,95 млрд-қа дейін төмендеген.

Соңғы жаңалықтар