$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

VPN пайдалану харам ба?

Редакция
19 қараша 2024 01:34 2956
VPN пайдалану харам ба? Сурет авторы: CNET

Пәкістандық діни кеңес елде бұғатталған мазмұнға қол жеткізу үшін VPN пайдалану шариғатқа қайшы келеді деген қорытындыға келіп, оны қолдану “харам” деген тұржырым жасады. 

Сыншылардың айтуынша, мұндай шаралар онлайн бақылауды күшейтеді, сөз бостандығын шектейді және электрондық коммерцияға зиян тигізеді.

Ислам идеологиясы кеңесі бұл технология елде тиым салынған сайттарға қол жеткізу үшін қолданылады деп санайды.

"Бұғатталған немесе заңсыз мазмұнға қол жеткізу үшін VPN пайдалану исламдық және әлеуметтік нормаларға қайшы келеді, сондықтан оларды пайдалану Ислам құқығына сәйкес қолайсыз. Бұл "күнәнің күшеюіне" жатады", - делінген кеңестің мәлімдемесінде.




Соңғы жаңалықтар