$ 506.7 € 593.14 ₽ 6.53

Вице-президент қалай тағайындалады? Депутат Шаталов жаңа лауазымның ерекшеліктерін айтты

Редакция
21 қаңтар 2026, 15:18
Вице-президент қалай тағайындалады? Депутат Шаталов жаңа лауазымның ерекшеліктерін айтты Сурет авторы: liter.kz

Мәжіліс депутаты Никита Шаталовтың айтуынша, бұл қызмет «гибридті легитимділікке» ие болады. Яғни, Президент тағайындайды, ал Парламент дауыс беру арқылы келісім береді.

Сонымен қатар депутат вице-президенттің қандай міндеттерді атқаратынын атап өтті:
— халықаралық форумдарға қатысу;
— шетелдік делегациялармен және халықаралық ұйымдармен (негізінен гуманитарлық және саяси бағытта) өзара іс-қимыл жасау;
— Парламентте Президенттің мүддесін білдіру.

Бұдан бөлек, Никита Шаталов жаңартылған бірпалаталы Парламентте заң шығару процесі өзгеріп, құжаттардың үш оқылымнан өтетінін хабарлады.

«Президент даму үшін жауапкершілікті күшейту және барлық мәселені тек өзіне байлап қоймау үшін институционалдық дизайнды біртіндеп күрделілендіріп, өкілеттіктерді биліктің түрлі тармақтарына бөліп жатыр», - деп толықтырды депутат.

Соңғы жаңалықтар